Алтын өндірілетін кен орындарында бақылауды күшейту керек – сенатор

28 Наурыз 2024, 15:42
467
Бөлісу:
Алтын өндірілетін кен орындарында бақылауды күшейту керек – сенатор
Фото: pixabay.com

Елімізде жылына шамамен 25 тонна алтын заңсыз өндіріледі. Бұл туралы сенат депутаты Андрей Лукин депутаттық сауалында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенатор депутаттық сауалын премьер-министр Олжас Бектеновке жолдады.

Бас прокуратураның мәліметінше, ішкі істер органдары бағалы металдардың заңсыз айналымы мен өндірілуі және ұрлануына байланысты соңғы 4 жылда 133 қылмыстық істі тіркеген. Қазір елімізде алтын өндіретін 42 кәсіпорын бар. Қаржы мониторингі агенттігінің дерегінше, 2020-2023 жылдар аралығында алтынның заңсыз айналымы деректері бойынша 7 қылмыстық іс тергеліп, 4 іс сотқа жолданды. Шығын 1,5 млрд теңгеден асты, - деді Андрей Лукин.

Оның айтуынша, алтын өндірілетін кен орындарында бақылауды күшейтіп, бейнекамералар орнату керек.

Шамамен заңды түрде өндірілген әрбір 3 тонна алтынға заңсыз өндірілген 1 тонна алтын қатар жүреді. Демек елімізде шамамен 25 тонна алтын заңсыз өндіріледі. Сондықтан алтын кен орындарына бақылауды күшейту керек. Онда қосымша бейнебақылау камераларын орнату, шахта ұңғыларына талшықты-оптикалық желі байланысын салу, кіру алаңына бақылау жүйесін енгізу, тексеру кешенін пайдалану, қоршау орнату, автоматты түрде анықтау құралын енгізу керек, - деді Андрей Лукин.

Өзгелердің жаңалығы