"ALTYN OIMAQ" дизайнерлер байқауының жеңімпаздары мараптталды

13 Желтоқсан 2019, 09:37
2257
Бөлісу:
"ALTYN OIMAQ" дизайнерлер байқауының жеңімпаздары мараптталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін "ЭКСПО" конгресс-орталығында "ALTYN OIMAQ" киім дизайнерлері арасындағы ұлттық байқаудың ең алғашқы жеңімпаздары марапатталды. 

Байқау киім-кешек және әшекейлердің ұлттық брендтерін  қалыптастыру мен насихаттау, жаңа есімдер мен брендтерді ашу және қолдау, сонымен қатар қазақстандық жеңіл өнеркәсіпті дамыту мен сұранысын ынталандыру мақсатында өткізілді.  

Қазақстан қолөнершілер одағының төрайымы Айжан Берікқұлова әр аталым бойынша жеңімпаздарға арнайы мүсінше – табыс етті.

Жеңімпаздар:

"Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген іскерлік киімнің үздік дизайны" – Эльмира Битөреева;
"Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген балалар киімінің үздік дизайны" –Айнагүл Мазинова;
"Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген үйге арналған текстильдің үздік дизайны" – Евгения Жандарбаева;
"Ұлттық әшекейлердің үздік дизайны" – Сәкен Қаржаубаев;
"Спорт аяқ киімінің үздік кастом-дизайны" – Айбибі Әбуова;
"Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген спорт киімнің үздік дизайны" – Алина Далинова;
image-13-12-19-11-10-6.jpeg

Лауреаттарды анықтау мақсатында "Атамекен" ҰКП 11 адамнан тұратын комиссия құрамын бекітті. Бірінші кезеңде әр аталым бойынша  екі үміткер іріктелді. Екінші кезеңде 12 үміткер www.altynoimaq.kz  сайты арқылы қоғамдық дауыс беруге шығарылды. Дауыс беру нәтижесінде ең көп дауыс жинаған байқаудың алты лауреаты анықталды. Биыл алғаш рет өткен байқауға 284 өтінім келіп түсті.

Өзгелердің жаңалығы