Алтын кенішінде шахта құлап, 10 адам қаза тапты

Конго Демократиялық Республикасының шығысындағы Оңтүстік Киву провинциясында орналасқан Лухихи алтын кенішінде шахта құлап, кем дегенде 10 адам көз жұмды.

 freepik 25 Сәуір 2025 2025, 02:19
25 Сәуір 2025 2025, 02:19
1185
Фото: freepik

Конго Демократиялық Республикасының шығысындағы Оңтүстік Киву провинциясында орналасқан Лухихи алтын кенішінде шахта құлап, кем дегенде 10 адам көз жұмды. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Апат М23 қозғалысының бақылауындағы аумақта орын алған. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, жарақат алғандардың санына байланысты қаза тапқандар қатары артуы мүмкін.

Оңтүстік Киву губернаторының өкілі Дуглас Дуния Масумбуко апаттың себебін бақылаусыз құрылыс пен кенішке дұрыс қызмет көрсетілмеуімен байланыстырып отыр.

Наверх