Алтай Көлгінов: Алдағы жыл - ерекше жыл

1 Қаңтар 2021, 17:04
1216
Бөлісу:
Алтай Көлгінов: Алдағы жыл - ерекше жыл

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындары мен қонақтарын Жаңа жылмен құттықтап, сәттілік тіледі.

Құрметті елорда тұрғындары және қонақтары! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! - деп бастады әкім құттықтауын.

Нұр-Сұлтан әкімі де өтіп бара жатқан жыл баршамызға оңай болмағанын еске салды. 

Коронавирус пандемиясы барлық қазақстандықтардың өміріне өзіндік өзгерістер әкелді. Дегенмен қала тұрғындарының қажырлы еңбегінің арқасында, біз бірлесе отырып осы кезеңнің қиындығын еңсере білдік! Алайда вирус толықтай кетті деуге болмайды. Ал жаңа сынақтар болып жатса, біз оны бірге жеңетінімізге сенімдімін! - деп жазды әкім.

Көлгінов астанада барлық салады алға жылжу бар екенін жеткізді.

Бүгінгі таңда қалада барлық сала бойынша даму көрсеткіші байқалып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз. Бұл әлеуметтік тұрғын үй құрылысы, мектеп салу, үлестік құрылыс нысандары, оңалту орталықтары, тұрғын алаптарын дамыту, қаланы абаттандыру және басқа да атқарылған жұмыстар. Осының бәрі мемлекет басшылығының стратегиялық бағыты мен халықтың бірлігінің арқасында қол жеткізген жетістіктер, - деп түсіндірді Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ, 2021 жылға арналған жоспарларымызды жүзеге асырудың бағыты айқын. Алдағы жыл ерекше жыл - Тәуелсіздіктің 30 жылдығы болмақ.

Осы жылдардағы жетістіктеріміз жаңа асуларды алуға серпін қосып, 2021 жыл жеңістерімізді еселей берсін! Шын жүректен баршаңызға бақыт, зор денсаулық, береке және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін! - деп жаңа жылдық тілегін білдірді қала әкімі.
Өзгелердің жаңалығы