Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Конституцияда әлемдік конституциялық ой-пікірлердің ең үздік жетістіктері жүзеге асырылған. Бұл туралы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің докторанты, академик Алмаз Жексекин айтып берді.
Конституция - еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығының кепілі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғамдық тіршілік тынысын реттеуші жəне қазақ халқын басқа мемлекеттерден қалмай биік шыңға жетелеуші жəне ол шынайы демократиялық құжат екеніне көзіміз жеткен секілді. Еліміз Конституцияға бағынғанда ғана ол бізге қызмет ететіндігін ұғынуымыз қажет, - дейді Алмаз Жексекин.Қазақстандық құндылықтармен диалектикалық үйлестірілген идеялар мен принциптер жарияланған және бекітілген: халық егемендігі, саяси плюрализм, теңдік және барлық меншік нысандарын тең қорғау, құқықтың үстемдігі, жеке тұлғаның бостандығы және жауапкершілігі, билік бөлінісі, парламентаризм, конституциялық бақылау, тәуелсіз және жауапты сот төрелігі, жергілікті өзін-өзі басқару және конституционализмнің басқа да негізгі бастаулары ажыратылған.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей басшылығымен, әйгілі отандық және шетелдік сарапшылардың пікірлерін ескере отырып, бәрін тегіс қамтитын халық сараптамасы жағдайында әзірленген, - деді ол академик.Оның айтуынша, бүкілхалықтық референдумда тікелей дауыс беру арқылы айтылған қазақстандықтардың қалауы Конституцияға жоғары заң күшін берді. Оның ауыспалы кезеңдегі, коғам мен мемлекетті кейін өзгертудің ең күрделі оқиғаларын бейбіт және келісім жолымен шешудегі беріктігінің іргетасы болып шықты.
Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануына байланысты өткізген баспасөз мәслихатында түсірілген сурет.
Әлемдегі күннен күнге үдей түскен тұрақсыздық жағдайында және осындай өте күрделі өңірде Қазақстан демократияға эволюциялық жолмен жүріп келе жатқан тұрақты ел. 1995 жылғы Конституция осы ілгері дамудың негізі. Елді саяси реформаларға және жаңғыртуда, Конституция дұрыс жолды көрсетуде. Конституцияны жалпыхалықтық референдумда қабылдаған уақыттан бері бірталай уақыт өтті және құқықтың үстемдігін орнату мен саяси эволюция жолымен жылжуда ілгері дамуға қол жеткізді, - деді Алмаз Жексекин.