Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің міндетін Сәдуақас Байғабылов атқаратын болды.
Былтыр 24 желтоқсан күні Жандарбек Бекшин мегаполистің бас санитарлық дәрігері қызметінен кететінін айтқан еді. 27 желтоқсаннан 4 қаңтар аралығында оның міндетін Қарлығаш Әбдіжаппарова атқарды.
Ал Сәдуақас Байғабыловқа 5 қаңтардан бастап Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқару жүктелген.
Сәдуақас Байғабылов Қарағанды мемлекеттік медакадемиясын «Гигиенист-эпидемиолог дәрігер», Орталық Қазақстан академиясын «Құқықтану», Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Экономика» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары Қарағанды облысы Санэпидемқадағалау департаментін басқарған, Нұр-Сұлтан қаласының, Павлодар, Атырау облыстарының бас санитарлық дәрігері қызметін атқарған. Оңтүстік астананың бас сандәрігерінің міндетін атқарушы болғанға дейін мегаполисте бас санитарлық дәрігердің орынбасары болған.