Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Түрксіб ауданындағы Жас қанат шағын ауданында салынған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Күніне 600 адам сыйымдылығы бар жаңа спорт нысанын салу арқылы жергілікті тұрғындар сапалы спорт жабдықтарына қол жеткізеді және үйлеріне жақын жерде әртүрлі спорт түрлерімен айналыса алады.
Нысандағы құрылыс-монтаж жұмыстары 2020 жылдың желтоқсанында басталды. Алайда, шарттық міндеттемелердің бұзылуы салдарынан мердігер - "БУРҒАН2005" ЖШС 2022 жылғы желтоқсанда сот қаулысымен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы болып танылды, одан тұрақсыздық айыбы өндіріліп, құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтауға бұйрық берілді.
Жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешеніне барған кезде Алматы әкімі Олимпиадалар жеңімпаздары мен жүлдегерлері Дмитрий Баландинмен, Александра Ле және Ислам Сәтбаевпен кездесті. Спортшылармен әңгімелескен Ерболат Досаев Түрксіб ауданындағы «Авиатор» стадионында тағы бір ДСК-нің салынатынын, оның жобасында оқ атуға арналған заманауи зал, спорттық жарыстарға өткізуге болатын елу метрлік бассейн қарастырылатынын атап өтті.
Жас Қанат шағын ауданындағы жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені жас спортшылар мен жергілікті тұрғындар ыңғайлы жағдайда спортпен шұғылдануға мүмкіндік алатын тартымды орынға айналады. Заманауи стандарттарға сәйкес келетін дене шынықтыру-сауықтыру кешендері қаламызға қажет. Олардың құрылысы барысында біз барлық тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын денешынықтыру-сауықтыру кешендерінің тұтас желісін құра аламыз, - деп атап өтті Ерболат Досаев олимпиадашылармен кездесу кезінде.
Алматы әкімінің алдыңғы тапсырмаларын назарға ала отырып, Жас қанат шағын ауданындағы ДСК-нің кестесі ЖМДБ тәрбиеленушілері сабақтарына және аудан тұрғындарына қатысты жасалды, сондай-ақ сенбі және жексенбі күндері де келуге болады.
Естеріңізге сала кетейік, осы айда Зерделі ш/а күніне 400 келушіге арналған жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Жалпы Алматыда үш (Шұғыла, Саялы және Авиатор шағын аудандарында) ДСК-ін салу жөнінде жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.