Алматының төрт ауданында су беру уақытша тоқтатылады

16 Мамыр 2024, 10:55
514
Бөлісу:
Алматының төрт ауданында су беру уақытша тоқтатылады
Фото: Арман Мухатов - архив

Алматыда су құбыры желілерінде жоспарлы жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған аудандардағы мектептер мен балабақшаларға су автоцистерналармен жеткізіледі. Бұл туралы «Алматы су» МКК мәлімдеді. 

Су құбыры желілерін жүргізу үшін 16 мамырда сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Әуезов ауданында Саин – Райымбек даңғылы – Өтеген батыр – Төле би көшелерінің бойында су беру уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ, 16 мамырда сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін Түрксіб ауданында Майлин – Мирная – Бұқтырма – Ақкербез шаршы көшелерінде суық су беру шектеледі,- дейді «Алматы су».

Жаңа желілердің қосылуына байланысты 17 мамыр күні де кейбір аудандарда су болмайды.

17 мамырда сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Бостандық ауданында Жароков – Абай даңғылы – Алматы Үлкен өзені – Сәтбаев көшесі, Алмалы ауданында Гагарин даңғылының контурында – Абай даңғылы – Қабанбай батыр – Құлымбетов көшесі – Брусиловский көшелерінде су болмайды. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Алматы су" МКҚК диспетчерлік қызметі: 274-66-66 хабарласуға болады, - дейді «Алматы су» мамандары.

Өзгелердің жаңалығы