Үлкен Алматы шатқалындағы Терра алқабында үш қыз адасып, таулы аймақтан шыға алмай қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ құтқарушылары қыздарды сәтті эвакуациялады.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің РОСО жедел тобы дереу көмек көрсетуге шықты. Орынға жету оңай болмады: жол көру мүмкіндігі шектеулі және тік беткейлері бар ойлы-қырлы жерлерден тұратын жолды жаяу басып өтуге тура келді, - деп хабарлады ТЖМ.
Құтқарушылар қиын жағдайға, соның ішінде жартасты жер мен навигацияның шектеулілігіне қарамастан, қыздарды тауып, аман-есен құтқарды.