Алматы, BAQ.KZ. Алматы Полиция департаменті қаланың қақ ортасында қару ұстаған екі адамды ұстағандарын мәлімдеді.
Полиция таратқан мәліметте 38 және 35 жастағы ер адамдар қару-жарақ дүкендерін тонаған белсенділер екені айтылған.
Оларды Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Райымбек даңғылы мен Байзақов көшесінің қиылысында ұстады. Күдіктілерден қару-жарақ дүкенінен тәртіпсіздік кезінде ұрланған “SM12 steyr mannlicher austria” маркалы екі аңшы мылтығын тәркіледі. Белгілі болғандай, 38 жастағы М.есімді азамат және 35 жастағы Р.есімді азамат Алматы облысынан келген,-делінген хабаралмада.
Қару мен оқ-дәрілерді ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 291-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тергелуде. Қару тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды.
Оқи отырыңыз: