Алматының орталығы жарықсыз қалды

2 Сәуір 2025, 15:09
379
Бөлісу:
Алматының орталығы жарықсыз қалды
Фото: BAQ.KZ архив

Алматыдағы Байтұрсынов көшесі, Қарасай батыр көшесі, Наурызбай батыр көшесі, Абай даңғылы, Төлеби көшелері жарықсыз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Алатау Жарық Компаниясының" қалалық авариялық жағдайлар картасына сәйкес, Алматының орталығында электр қуаты сағат 13:55 шамасында өшкен.

Қазіргі уақытта электр жарығының өшірілу себептері анықталып жатыр, оқиға орнына бригада жіберілген. Қосылу уақыты - екі сағат, - деп жазылған "Алатау Жарық Компаниясының" хабарламасында.

Алматының орталығы жарықсыз қалды
Өзгелердің жаңалығы