2024 жылдың бірінші тоқсанында Алматының жалпы өңірлік өнімі 4,7% өсті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Оқи отырыңыз:
Бұл туралы Алматы қаласының Экономика басқармасы мәлімдеді.
Көлік, құрылыс, тұрғын үйді пайдалануға беру, байланыс және сауда сияқты салалар өсімнің драйверлері болды. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 0,6%-ға өсіп, 102,4% көрсетті. 2024 жылы экономиканың өсімі 5,5% деңгейінде болады деп болжанып отыр. Бұрын хабарланғандай, 2023 жылы Алматының ЖӨӨ 24,8 трлн теңге болды, бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш, - деді Алматы қаласының Экономика басқармасы.