Алматы, BAQ.KZ. Эпидемиялық жағдайдың ушығуына және жұқтырушылар санының көбеюіне байланысты Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен демалыс күндері қала бойынша мониторингтік топтардың күшейтілген жұмысы жүргізіліп жатыр.
Осы мақсатта Медеу ауданы бойынша қарашаның 13-нен 14-не қараған түні 4 ауданнан 9 мониторингтік топ құрылды: Медеу ауданы – 3 топ, Түрксіб ауданы – 2 топ, Бостандық ауданы – 2 топ, Жетісу ауданы – 2 топ.
Мониторингтік топтармен ауданның түнгі мекемелері қамтылды. Барлығы 72 нысан тексерілді. Тексеру кезінде 69 нысан жабық тұрған.
Үш мекемеден 350-ге жуық адам болған шығарылды.
Заң бұзушылықтармен келесі нысандар анықталды:
1. «Танцы бар» түнгі клубы (Гоголь көшесі, 73).
2. «Nebo bar gallery and terrase» гастробары (Достық көшесі, 192/2).
3. «Tennisi.kz» букмекерлік кеңсесі (Халиуллин көшесі, 34/90).
Анықталған барлық бұзушылықтар бойынша жауапты тұлғалардан қажетті шараларды қабылдау үшін түсініктеме алынды. Сонымен бірге оқиға орындарында карантин шараларын қатаң сақтау қажеттігі туралы және бұзушылықтарды жою жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.