Алматының Медеу ауданында 13 жерүсті және жерасты өткелдері жаңартылды

9 Қаңтар 2024, 04:25
628
Бөлісу:
Алматының Медеу ауданында 13 жерүсті және жерасты өткелдері жаңартылды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Медеу ауданында 13 жер үсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШААЖ бойынша 8 жер үсті өткелі және 5 жерасты өткелі толығымен жаңартылды. Шатырды ауыстыру, сапалы жарықтандыруды орнату, қабырғаларды жаңарту, асфальт төсеу және сәндік сылақ жұмыстары жүргізілді. Достық-Қажымұқан даңғылы, Абай-Достық даңғылы, әл-Фараби-Меңдіқұлов даңғылы бойындағы үш жерасты өткелінде гидрооқшаулау жұмыстары жүргізілді, - деп жазылған хабарламада.

5 нысан алматылық суретшілердің суреттерімен безендірілген. ШААЖ өткелінің қабырғаларында, бұрыш. Құмай көшесінде қаланың символы – Алматы апортының суреті салынған.

Айта кетейік, Медеу ауданында барлығы 20 жер үсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелі бар.

Өзгелердің жаңалығы