Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, прокурорлардың шараларымен олигополия субъектілеріне бұрын негізсіз берілген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын 460 мың гектардан астам жер қайтарылды.
Нарықтық бағасынан 4 есе төмен бағамен сатып алынған Алматының көтерме сауда нарығындағы үлесі, олигополия субъектілерінің меншігінде заңсыз болған Алматы әуежайының 17 коммерциялық үй-жайлары да мемлекетке қайтарылды, - деп нақтылады Берік Асылов.
Оның айтуынша, шетелде мүлікті анықтау мақсатында халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылға ерекше назар аударылады.