Алматының коммуналдық кәсіпорындары күшейтілген режимде жұмыс істейді

20 Қыркүйек 2023, 13:29
616
Бөлісу:
Алматының коммуналдық кәсіпорындары күшейтілген режимде жұмыс істейді
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматының коммуналдық кәсіпорындары жауын шашынға байланысты күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

20 қыркүйекте сағат 07:00-ден бастап Алматы қаласында жаңбыр жауа бастады, ол үзіліспен түске дейін жауады деп болжанып отыр. Таңертеңгі сағат 10:00-дегі жағдай бойынша қалада 9 мм жауын-шашын болды, Каменск үстірті аймағында – 14 мм. 

Су тасқынының алдын алу және жою үшін 45 патрульдік бригада, 165 бірлік арнайы техника, 24 мотопомпа және 820 жол жұмысшысы жұмылдырылды. 1750 қап құм жиналды. Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел кезекшінің ақпараты бойынша Бостандық ауданындағы Вахтангов көшесі,5 мекенжайы бойынша жеке сектор аумағын бір рет су басу тіркелді. 

«Алматы Тазалық» МКК күшімен құлаған бұтақтан арық өткелі тазартылып, су тасқыны жойылды. Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша кезекшілік ұйымдастырылды. «Қазгидромет» РМК болжамы бойынша бүгін түске дейін жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыс жел 3-8, кейде екпіні 13 м/с, ауа температурасы +15 + 17°С. , - деп хабарлады Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы.

Өзгелердің жаңалығы