Алматының индустриалды аймағында 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

27 Желтоқсан 2021, 14:43
870
Бөлісу:
Алматының индустриалды аймағында 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматының индустриалды аймағында 2022 жылы 9 өндірістік кәсіпорын мен 3 шағын өнеркәсіптік парк іске қосылады. Бұл туралы индустриалды аймақтың директоры Әділ Амралин айтты.

Оның айтуынша, өндірістік кәсіпорындарға салынған инвестициялардың жалпы сомасы 7,2 миллиард теңге, оған қоса компаниялардың арқасында жүздеген жұмыс орны ашылады.

Әділ Амралин өткен аптада Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы өткенін атап өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша индустриялық аймақ қатысушыларының тізіліміне 3 жаңа жобаны енгізу қабылданған. Олардың ішінде «Halavet KZ» - желатин өндіретін зауыт құрылысы бойынша, «Green Innovation-2030» - өсімдіктерді микроклоналды көбейтудің жоғары технологиялық зертханасын құру бойынша және «Алматы ауыр машина жасау зауыты» - ауыр машина жасау зауытын салу жобасы бар.

2021 жылы Өңірлік үйлестіру кеңесінің 4 отырысы өткізілді, онда 2,5 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 71 млрд теңгеге 22 жаңа жобаны қосу туралы шешім қабылданды. Жаңа кәсіпорындар салу үшін биыл жалпы ауданы 58,8 гектар жер телімдері бөлінді.  Бұл негізінен тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы кәсіпорындар, – деді ол.

Қазір Алматы индустриялық аймағында 65 компания бар, олар 8163 жұмыс орнын құрумен 258,4 млрд теңгеге 67 жобаны іске асырмақ. Бүгінде 19 жоба іске асырылды, 282,8 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 3177 жұмыс орны құрылған.

АИА директоры 2022 жылы 9 жобаны іске қосу жоспарланып отырғанын хабарлады: VALTHERM, «Кама Қазақстан СҮ», «Әлем Тынысы» City Stone, TEPLOSTIL, Stroy Production, TECHNOKONT, «КазПромВент», «ЭлектроБар», жалпы сомасы 7,2 млрд теңге, 507 жұмыс орны ашылады.

Қосымша алдағы жылы 3 шағын өнеркәсіптік паркті іске қосу жоспарлануда: D&J «Investments & Logistic», «Qazaq Plast» ЖШС, Alatau Industrial Park, сондай-ақ жалпы ауданы 21 300 ш.м., 380 жұмыс орнын құрумен жұмыс істеп тұрған  «ADS Industries» және «KazStroyTrade» МКП екінші кезеңдері.

2025 жылға дейін жалпы инвестиция сомасы 130,8 млрд теңге болатын, 4034 жұмыс орны ашылатын 35 жобаны іске асыру жоспарланған.

Әділ Амралин бүгінде Алматының индустриалды аймағы аумағының жалпы алаңы 490 гектарды құрайтынын еске салды. Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін 244,9 га, 81,1 га жер бөлінді.

Өзгелердің жаңалығы