Алматының экономикалық даму көрсеткіші жыл сайын артып келеді

4 Желтоқсан 2023, 20:24
751
Бөлісу:
Алматының экономикалық даму көрсеткіші жыл сайын артып келеді
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласының экономикасын әртараптандыру, инвестициялар тарту, экологияны жақсарту туралы баспасөз-конференциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Баспасөз-конференциясына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров, мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов, экономика басқармасының басшысы Дастан Өмірбаев, экология және қоршаған орта басқармасының басшысы Серік Әділбаев, туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова қатысты. 

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә. Әбдіқадыровтың айтуы бойынша, қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар экономиканы әртараптандырудың үш басым бағыттары анықталды. Олар: жоғары технологиялық және «таза» өндірістерді дамыту; туристік қызметтер экспорты; шығармашылық индустрияларды және IT дамыту.

Осы жылдың 10 айында 1,2 трлн. теңге негізгі капиталға инвестициялар тартылды. Жеке инвестициялардың өсуі 10,9% – ға дейін көбейді. Бұл ретте, денсаулық сақтау саласына инвестициялар 3,6 есеге, ақпарат пен байланысқа – 90% – ға, тұру және тамақтану қызметтеріне – 26% - ға, өңдеу өнеркәсібіне - 10,8% - ға өсті. Осылайша, Денсаулық сақтау, IT-сектор, туризм және өңдеу өнеркәсібін дамытуға баса назар аудара отырып, инвестициялардың сапалы құрылымдық өзгерісі орын алуда, - деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Ә. Әбдіқадыров.

Мемлекет басшысы тамыз айында Алматы әкімдігіне қаладағы бизнес саласын жақсартуды тапсырған болатын. Тапсырма қаншалықты орындалғаны жайлы сұраққа қала әкімі жауап берді. Оның айтуынша, 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша туристер саны 17,5% - ке өсіп, 1,5 млн. адамнан асты. Сонымен бірге шетелдік туристер саны 51,5% - ке өсіп, шамамен 410 мың адамды құрады.

Сондай-ақ, қала экономикасын әртараптандыруға индустриалды аймақ пен АТП АЭА кәсіпорындары негізгі үлес қосуда. Ағымдағы жылдың 10 айында олар 754,5 млрд. теңгеге өнім өндірді, бұл қаланың барлық өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының шығарылымының 50% - дан астамын құрайды. Айта кетейік, бүгінгі таңда автомобиль кластері қалыптасуда. Өңдеу өнеркәсібінің құрылымында автомобиль жасау үлесі 36,4% - ға дейін өсті.

Қала әкімінің орынбасары өте өзекті атмосфералық ауаның сапасын жақсарту бойынша да тоқталды. 

Ағымдағы жылы «Шымбұлақ» тау курортына бензинмен, дизель отынымен, газбен автомобильдердің кіруіне тыйым салынды. Қалада қазір 5 мыңнан астам электр көзімен жүретін машиналар нақты тіркелді. Олар бар. Біз осы жылы ҚР заңнамасына мәслихатқа атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын бекітуге құзырет беру, автомобильдерді техникалық байқау мәселелерін мемлекеттік реттеуді күшейту, себептері жойылғанға дейін пайдаланылған газдардағы зиянды заттардың мөлшері жоғары автомобильдерді пайдалануға тыйым салу сынды түзетулерді ұсындық. Заңнамалық түзетулер атмосфералық ауаның ластану көздерін басқаруды жақсартуға бағытталған,- деді қала әкімінің орынбасары Ә. Әбдіқадыров.

Алматы қаласында қалдықтарды басқару жүйесін жақсарту үшін ағымдағы жылдың 11 айында 214 көмілген контейнер ауыстырылды және орнатылса, «Жасыл Алматы» басым бағытын іске асыру бойынша жүйелі шаралар қабылдауда. Жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау бойынша жаңа ережелер қабылданды. 2023 жылдан бастап суару жүйесі жүргізілгеннен кейін ғана кемінде 2-2,5 м көшет отырғызуды көздейтін жаңа тәсіл қолданылды. Қаланы көгалдандыру үшін а.ж. басынан бастап 240 мың ағаш пен бұта отырғызылды. Санитарлық мақсатта 13,1 мың ағаш кесіліп, 2,3 млн ағаш өңделді. Осылайша қаланы жасылдандыру мен тазалау жұмыстары қарқынды жүруде. 
 

Өзгелердің жаңалығы