Алматының екі ауданында ыстық су болмайды

12 Шілде 2022, 13:18
1666
Бөлісу:
Алматының екі ауданында ыстық су болмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының Медеу және Жетісу ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан уақытша ажыратылады. Бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-і хабарлады.

2022 жылғы 13 шілде күні сағат таңғы 09.00-ден кешкі 21.00-ге дейін  Медеу және Жетісу ауданындағы Қонаев – Райымбек – Жангельдин – Есік – кіші Алматы өзені – Айтеке би – Қалдаяқов – Мақатаев – Уалиханов көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды.

Шектеулер жылу желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - делінген хабарламада.
 

Алматының екі ауданында ыстық су болмайды
Өзгелердің жаңалығы