Алматының екі ауданында суық су уақытша болмайды

7 Маусым 2022, 11:49
1459
Бөлісу:
Алматының  екі ауданында суық су уақытша болмайды

Алматы, BAQ.KZ. «Алматы су» МКК 9-10 маусымда қаладағы екі ауданда суық су уақытша болмайтынын хабарлады.

9 маусымда сағат 09:00-дан 21:00–ге дейін Түрксіб ауданы Аймауытов көшесі – Сауранбаев көшесі – Молдағалиев көшесі – Шолохов көшесі – Р. Зорге көшесі – Осипенко көшесі-Ержанов көшесі-Боралдай көшесінде орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылады,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ 10 маусымда сағат 09:00-дан 20:00-ге дейін Жетісу ауданында орналасқан Филотов көшесі-Багратион көшесі-Меркулов көшесі, Ақпаев көшесі, Сейфуллин даңғылы, Шилов көшесі, Жансүгіров көшесі бойындағы тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылатыны айтылған.

Қысқа мерзімді шектеу жаңа су құбырын магистральдық желілерге қосуға байланысты болып отыр. Аталған мекеме уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы