Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты.
Әкім болып тағайындалған соң Алматының барлық ауданын аралап шықтым, қаладағы жағдаймен және әр аудандағы проблемамен таныстым. Негізгі проблемаларды шешу жолдарын айқын түсінемін және ең өзекті мәселелер бойынша жеке шешім қабылдадым,-деді Досаев халықпен кездесу барысында.
Сонымен қатар ол Бостандық ауданы қаладағы ең жетекші аудандардың бірі екенін, мұнда 365 мың адам тұратынын жеткізді.
Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша аудан қаланың 19,7% жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ете отырып, жетекші орындардың бірінде. Осы жылы ауданда 7 000-нан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Ауданда 32 ірі бизнес орталық, 20 сауда-саттық орталығы, 43 қонақүй кешені бар. Одан бөлек 12 ЖОО мен 20 колледж орналасқан, яғни 68 мыңдай студент білім алып жатыр. Cалық түсімінің 24%-ы осы ауданға тиесілі. Қаңтар-ақпан аралығында ауданға 42,2 млрд теңге инвестиция тартылып, 13,2 пайызға өскен, - деді қала әкімі.
Сонымен қатар ол колледждер мен университет түлектерін жұмыспен қамту туралы айтты. Биыл жастар практикасына келетін түлектердің жалақы мөлшері енді 30-дан 40 АЕК-ке дейін ұлғайтылған, бұл 122,5 мың теңгеден астам.
Алматы студенттер ең көп жиналған қала, сондықтан жастардың жалақысын көтеру маңызды, - деді Досаев.