16 шілде сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін су құбыры желілеріндегі технологиялық жабдықтарды ауыстыру бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы «Алматы Су» МКК мәлімдеді.
Осыған байланысты Медеу ауданындағы Достық даңғылы - Қажы Мұқан көшесі – Назарбаев даңғылы – Сәтбаев көшесі, Самал шағын ауданы. Бостандық ауданындағы Әл-Фараби даңғылы – Батыс Желтоқсан көшесі - Ганди көшесі – Назарбаев даңғылында суық су беру уақытша шектеледі.
Жұмыстан кейін судың сапасы уақытша өзгеруі мүмкін.
Су құбыры желілері толық шайылып кеткенге дейін кір жуғыш/ыдыс жуғыш машиналар мен өзге де құрылғыларды пайдаланбаған жөн. Ақпарат алу үшін «Алматы Су» МКК диспетчерлік қызметіне 274-66-66 нөмірі бойынша хабарласуға болады. Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз,- дейді «Алматы Су» МКК.