Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы бірнеше жылда Алматының бас жоспарына түзетулер енгізілді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев XVIІ қала құрылысы форумында мәлімдеді.
Мегаполис басшысы атап өткендей, түзету 2002 жылы бекітілген бас жоспар негізінде жүргізілді.
20 жыл ішінде қаланың өзі ғана емес, экономиканың құрылымы, Алматы облысы, тіпті жаңа шекаралардың да өзгергені түсінікті. Көкжиектер өзгеруде, біз қаланы және оның дамуын қалай көрсететініміз тұрғысынан қолайсыз, - деді қала әкімі.
Болжам бойынша, 2030 жылға дейін Алматы агломерациясының халқы шамамен 4,5 млн адамды құрайтын болады.
Осыны және урбанизациялауды жедел дамыту жөніндегі болжамдарды ескере отырып, жаңа бас жоспар әзірленуде. Ол 2040 жылға дейін есептелген. Әзірлеуді осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Сонымен қатар Алматыда құрылысшылар кеңесі қайта құрылады. Ол әкімдікке тиесілі болмайды, бірақ кәсіби мамандардан жасақталып, құрылысқа қатысты кеңес беретін алаң болмақ. Қала құрылысшылар одағы президентінің айтуынша, бұл мегаполистің мәселелерін шешуге және тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру үшін қызмет етеді. Дұрыс қала құрылысы саясатын жүргізуге мүмкіндік береді.