Алматының ашытқы зауытында прекурсорларды сақтау ережелері бұзылған

27 Қараша 2023, 19:05
457
Бөлісу:
Алматының ашытқы зауытында прекурсорларды сақтау ережелері бұзылған

Тексеру барысында ғимараттың техникалық беріктігін бұзу деректері анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сңлтеме жасап. 

“Дәрмек – 2023” жедел алдын алу іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тексеру жүргізді. Алматының ашытқы зауытында прекурсорларды сақтау қоймасын тексеру барысында ғимараттың техникалық беріктігін бұзу деректері анықталды. 

Лауазымды тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 464-бабы бойынша құқық бұзушылық белгілеріне сәйкес әкімшілік іс жүргізу материалдары жинақталды. 

Айыппұл соммасы 150 мың АЕК құрады. Сонымен қатар қабылданған шаралар 61 тоннадан астам күкірт қышқылының айналымына шектеу қойды.

Өзгелердің жаңалығы