Бүгін, 2 қарашада Алматы қаласының Алатау ауданындағы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында Президент Жолдауына арналған кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жиынға Құрылтай депутаттары, Халық Кеңесінің мүшелері, Үкімет өкілдері мен вице-министрлер қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді түсіндіру және ел дамуының басым бағыттарын талқылау.
Фото: BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина
Іс-шара барысында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелер көтерілді. Сондай-ақ мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша пікір алмасу өтті.
Кездесуде қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтуға және тұрғындармен ашық диалог орнатуға басымдық берілді.
Жиын барысында қатысушылар Президент Жолдауында айтылған стратегиялық міндеттерді талқылап, олардың маңызын атап өтті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланғанын хабарладық.