Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының «Саялы» және «Қарасу» шағын аудандарында алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек орталықтарын салу жоспарлануда.
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков мектептер, балабақшалар мен медициналық пункттер салу жоспарлары туралы айтып берді. Әкімнің пікірінше, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысы барлық әкімдік жұмысының маңызды міндеттерінің бірі болып қала береді.
Жаңа мектептер мен балабақшалардың құрылысы жыл сайын қарқынды дамып келе жатқан Алатау ауданында ерекше сұранысқа ие, мұнда жаңа шағын аудандар пайда болып, тұрғын үй кешендері салынуда.
Бізге қалалықтардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасап қана қоймай, өскелең ұрпақ үшін заманауи білім беру үдерісін құру өте маңызды. Бұл мәселені біз жоспарлы түрде шешудеміз. Әзірге ауданда 26 мемлекеттік және 2 жеке меншік мектеп жұмыс істейді, онда 46 976 оқушы оқиды. Оқушы орнының тапшылығы бар, біз оны 7800 орындық 5 мектеп салу арқылы шешеміз, - деді Азамат Қалдыбеков.«Саялы» шағын ауданында 1800 орындық, «Томирис», «Нұркент», «Дархан», «Рахат-Мәдениет» шағын аудандарында 1500 орындық жаңа мектептер пайда болады. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2021 жылғы желтоқсан. Сонымен қатар № 150 мектепті 600 орынға қосымша құрылыс салу арқылы кеңейтеді. №166 мектепке қосымша 125 орындық ғимарат салынуда.
Мектепке дейінгі мекемелерде орын жетіспеушілігі мәселесі шешілуде. Қазіргі уақытта Алатау ауданында 20 мемлекеттік және 134 жекеменшік балабақша жұмыс істейді. 2021 жылы 2 балабақша салу жоспарлануда. «Нұркент» шағын ауданында 320 орындық және «Саялы» шағын ауданында 280 орындық, - деп жалғастырды аудан әкімі.Азамат Қалдыбеков ӨКҚ-нің онлайн-брифингі барысында медициналық пункттердің жетіспеушілігі мәселесін де айтты. Әкім медицина саласын қолдауға және алғашқы медициналық буынды нығайтуға көңіл бөлінетінін айтты. Басқаша айтқанда, сапалы медициналық қызмет көрсету және олардың қолжетімділігін арттыру мақсатында «Саялы» шағын ауданында алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек орталығы салынады. Қазір жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Сонымен қатар «Қарасу» шағын ауданында осындай орталықтың құрылысына ЖСҚ әзірленуде.
Сондай-ақ «Алғабас» және «Өжет» шағын аудандарының тұрғындарын медициналық дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз ету үшін модульдік пункттер салу жоспарлануда.
Сонымен қатар «Нұркент» шағын ауданында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жұқпалы аурулар ұлттық ғылыми орталығы ғимаратының құрылысы басталды.
Қортындылай келе, Алатау ауданының әкімі " Нұркент "шағын ауданында жабық және ашық теннис кортының, сондай-ақ үстел теннисі орталығының құрылысы жүргізіліп жатқанын айтты.