Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының Панфилов көшесінде жаяу жүргіншіге басымдық беріліп, жаңарған соң мердігерлік ұйым мұнда 380 ағаш отырғызған, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Ағаш көшеттеріне тасымалдау және отырғызу кезінде біраз күш түскен және олар жаңа орынды жерсінбеген әрі аязға шалдыққан, соның салдарынан катальпа көшеті жарамсыз болып қалды. Осыған орай,«Компания АИС Астана» мердігрлік ұйымы кепілдемелік міндеттеме бойынша биылғы жылдың вегетация маусымында жаңа ағаштар отырғызатын болады", - делінген таратылған ақпаратта.
Айта кетерлігі, 2015 жылы қалалықтардың талқылауынан соң қабылданған «Алматы-2020» бағдарламасы аясында мегаполисте тарихи орталықтың 60% жөнделді. Жайлы қалалық орта қалыптастыру мақсатында энергия жинақтаушы тротуар шамдары, көше жиһаздары, спорт және балалар алаңдары, фонтан кешендері пайда болады. Жасылдандыру жүргізілді және жаңа ағаштар отырғызылды, суарудың автоматты жүйесі тартылды.
«Қала адамдар үшін» концепциясы аясында Алматыда биылғы жазда жаяу жүргіншіге басымдық беру үшін Достық даңғылының, Жібек жолы мен Байсейітова көшелерінің бөліктеріне реконструкция жүргізілуде.