Алматының медицина қызметкерлері Мемлекет басшысына «Халық алғысы» марапаты үшін алғыс білдірді

4 Қазан 2020, 11:47
1308
Бөлісу:
Алматының медицина қызметкерлері Мемлекет басшысына «Халық алғысы» марапаты үшін алғыс білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Біздің қарапайым еңбегімізді жоғары бағалағанына өте ризамыз», дейді олар. 

3 қазан күні Алматыда азаматтарды «Халық алғысы» медалімен марапаттау рәсімі өтті. Бұл марапат ҚР Президентінің Жарлығымен коронавирус инфекциясымен күресте ерекше көзге түскен азаматтарды көтермелеу үшін белгіленді. Марапатталғандардың 70% - медициналық ұйымдардың қызметкерлері, деп хабарлады Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Алматының медицина қызметкерлері Мемлекет басшысына «Халық алғысы» марапаты үшін алғыс білдірді

Осы марапат үшін ел Президенті мен қала басшылығына еңбегімізді жоғары бағалағаны үшін алғыс айтқым келеді. Біз жақын арада коронавирус инфекциясын жеңеміз және пандемия енді қайталанбайды деп үміттенеміз. Барлық қазақстандықтарға денсаулық пен амандық тілеймін, бір-біріңізге қамқор болыңыздар, - деді И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкері Айша Бекмағамбетова.

Өз кезегінде №5 қалалық емхананың медбикесі Мила Авакриева бұл марапаттың ерекшелігін атап өтті.

Біздің қарапайым еңбегімізді жоғары бағалағанына өте ризамын. Осындай баға бергені үшін еліміздің Президентіне, марапатқа ұсынғаны үшін қала әкімдігіне алғыс айтқым келеді.  Барлығымызға денсаулық тілеймін, және, әрине, келесі екінші толқыннан аман-есен өтуімізге тілектеспін, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы