Алматылықтарға жіті ішек ауруларының алдын алу туралы айтылды

19 Мамыр 2022, 14:07
1743
Бөлісу:
Алматылықтарға жіті ішек ауруларының алдын алу туралы айтылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жіті ішек аурулары денсаулық сақтау үшін үлкен проблема болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын әлемде 1-ден 1,2 миллиардқа дейін диарея аурулары тіркеледі, олардан 4 миллионға дейін адам қайтыс болады екен.  

Бүгін Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ішек инфекцияларының белгілері мен алдын алу шаралары туралы И.С. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының емдеу жұмысы жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары, инфекционист-дәрігер Тамара Утаганова, С.Д. Асфендиярова тындағы ҚазҰМУ жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры, жоғары санатты жұқпалы аурулар дәрігері, И.С. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының консультанты Сәуле Садықова айтып берді.

Тамара Утаганованың айтуынша, жіті ішек инфекциясы (ЖІИ) – бұл микроорганизмдер (бактериялар мен вирустар) тудыратын жұқпалы аурулар тобы, ас қорыту бұзылыстарымен, дегидратация белгілерімен және жалпы интоксикациямен көрінеді.

Қазіргі уақытта бактериялар, қарапайымдылар және вирустар тудыратын ЖІИ-дің 30-дан астам түрі бар. Ауруға қажетті шарт – патогеннің адамның асқазан-ішек жолына түсуі. Көбінесе ЖІИ қоздырғыштары адам ағзасына ластанған тағамды, суды пайдалану, сондай-ақ қол гигиенасын сақтамау арқылы түседі.

Инфекция қоздырғышы ағзаға енген сәттен бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін 6 сағаттан 7 күнге дейін созылады. Іштің ауырсынуы, жүрек айну, құсу күніне 3 рет немесе одан да көп, дене температурасы 37°-38° C дейін көтеріледі, диарея пайда болады (кейде күніне 10-15 рет), аурудың ауыр жағдайында – жас балалар үшін ең қауіпті ауыр интоксикация және сусыздану, - деді И.С. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.


Мамандар жіті ішек инфекцияларының алдын алу шараларына тоқталды. Дәрігерлер, біріншіден, қолды сабынмен және сумен уақытылы және мұқият жууды ұсынады (тамақ дайындамас бұрын, тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін, көшеден келгеннен кейін). Егер бұл мүмкін болмаса, антисептикалық майлықтар, гельдер, лосьондар және т.б сүрту қажет.

Екіншіден, көкөністерді, жемістерді, жидектерді қолданар алдында ағынды сумен жақсылап жуу керек, ал кішкентай балалар үшін қайнаған сумен шаю керек.

Сондай-ақ, сапасы күмәнді, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімдерді сатып алу ұсынылмайды.

Күнделікті өмірде шикі және дайын тағамдарды кесу үшін бөлек тақталар мен пышақтарды пайдалану міндетті болып табылады.

Сонымен қатар, күнделікті өмірде шикі және дайын тағамдарды кесу үшін бөлек тақталар мен пышақтарды пайдалану міндетті болып табылады.

Жануарлардан алынатын өнімдерді мұқият және біркелкі өңдеу (пісіру, қуыру) маңызды.

Шикі және жеуге дайын тағамды тоңазытқышта бөлек және жеке қаптамада сақтаңыз, өйткені дұрыс дайындалған тағам шикі тағаммен байланысқанда ластануы мүмкін. Сатып алғаннан кейін жұмыртқаны мұқият жуып, тоңазытқышта сақтау керек.

Азық-түлік пен ыдыс-аяқты сақтаудың жарамдылық мерзімі мен температуралық шарттарын сақтау, ашық көздерден су ішпеу, бөтелкедегі немесе қайнатылған суды қолдану маңызды.

Спикерлер демалыс орындарына баратын алматылықтарға арнайы ұсыныстар берді: табиғат аясына барған кезде өзіңізбен бірге алдын ала жуылған көкөністер мен жемістерді, сақтау мерзімі ұзақ, сақтау үшін тоңазытқыш жағдайын қажет етпейтін өнімдерді алып жүру керек. Сондай-ақ дәрігерлер азаматтарды арнайы белгіленген жерлерде ғана суға түсуге шақырды. Ал бассейндер мен су қоймаларында шомылу кезінде ауызға судың түсуіне жол бермеңіз.

Егер сіздің отбасыңызда біреу ішек инфекциясымен ауырып, үйде болса, оны басқа отбасы мүшелерінен оқшаулауға тырысыңыз. Оны бөлек ыдыс-аяқпен, төсенішпен, сүлгілермен қамтамасыз етіңіз, науқас адамға күтім жасағанда, жеке қорғаныс құралдарын (қолғап, маска) қолданыңыз. Үйде дезинфекциялық құралдарды қолдану арқылы жалпы тазалау жұмыстарын жүргізіп, содан кейін науқас сауығып кеткенше күнделікті ылғалды тазалауды, үй-жайды желдетуді қамтамасыз етіңіз, — деді Сәуле Садықова.

Соңғы кездері ішек инфекцияларының көпшілігі жеңіл түрде өтуде, сондықтан кейбір науқастар дәрігерге бармайды, көбінесе өзін-өзі емдеумен айналысады және оқу орындарына, жұмыс орындарына және т.б баруын жалғастыруда.

Дәрігерлер, әрбір науқас адам өзінің айналасындағыларға қауіп төндіретінін ұмытпауы керектігін, сондықтан ішек ауруларының алғашқы белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеуге болмайтынын, денсаулық сақтау ұйымының медициналық көмегіне жүгінуі керек екенін ерекше атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы