Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2020 жылдың 30 маусымы аралығында Медициналық сақтандыру қорына 360 млрд теңгеге жуық қаржы жинақталды.
Оқи отырыңыз:
Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы қалалық филиалы хабарлады.
Алматы қаласы республика бойынша жарналар мен аударымдардың көлемі жағынан көш бастап тұр – жинақталған соманың бестен бір бөлігі бұрынғыша, оңтүстік астананың еншісінде. Жалпы, сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 29 мамырына дейінгі аралықта Алматы қаласынан қорға 70,2 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Оның 61,2 млрд теңгесі жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары болса, қалған 9 млрд теңге жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша еңбек ететіндерге тиесілі, - деді филиал директоры Тлеухан Әбілдаев.
Сондай-ақ, бірыңғай жиынтық төлеушілер саны да артып келеді. Алматы қаласы бойынша 2019 жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 171 мыңнан астам адам 242,8 млн теңге көлемінде БЖТ төлеген.