Алматылықтардың 162 мыңға жуығы қызылшаға қарсы екпе алды

14 Мамыр 2024, 10:58
790
Бөлісу:
Алматылықтардың 162 мыңға жуығы қызылшаға қарсы екпе алды
Фото: BAQ.KZ -архив

Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, мегаполисте қызылшаның 3044 зертханалық расталған жағдайы тіркелді.

Қызылша, қызамық, паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау шеңберінде барлығы 161 720 адам қамтылды, оның ішінде 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі 13 010 бала, 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар – 79 685, медицина қызметкерлері – 8676 және басқа жастағы бұрын қызылшаға қарсы жоспарлы екпе алмаған. Қызылшаның 3044 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1852 жағдай (60,8%), 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында – 133(4,4%) және ересектер арасында – 1059 (34,8%),- дейді Әсел Қалықова.

Өзгелердің жаңалығы