Алматылықтардың 100 мыңға жуығы қызылшаға қарсы екпе алды

9 Қаңтар 2024, 14:05
399
Бөлісу:
Алматылықтардың 100 мыңға жуығы қызылшаға қарсы екпе алды
Фото: BAQ.KZ - архив

Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, мегаполисте өткен жылдың наурыз айынан бастап қызылшаның 4228 зертханалық расталған жағдайы тіркелді.

2023 жылдың 10 қарашасы мен 2024 жылдың 8 қаңтар аралығында қалада қызылшаға қарсы екпені 99 721 адам алды. Өткен жылдың наурыз айынан бастап қызылшаның 4228 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 3213 жағдай (75,9%), 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында – 165 (3,9%) және ересектер арасында – 850 (20,1%)адам қамтылды, – дейді Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.

Өзгелердің жаңалығы