Алматылықтарды серуендеуден бас тартуға шақырды

27 Маусым 2022, 10:30
2855
Бөлісу:
Алматылықтарды серуендеуден бас тартуға шақырды
Фото: inform.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда термометрдің бағаны таңғы сағат сегізде 30-31 градус көрсетті деп хабарлайды «Мой ГОРОД» порталы.

Алматы ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, 27 маусымда мегаполисте +36 градусқа дейін ыстық болады.

Ыстық ауа райы қауіпті. Әсіресе жүрек-қан тамырлары ауруларынан, артериялық гипертониядан зардап шегетіндер үшін, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдар үшін. Дәрігердің ұсыныстарын нақты орындау және тағайындалған дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдау қажет. Артериялық гипертониямен ауыратын адамдар өздерінің қан қысымын үнемі бақылап отыруы керек, - деді департаментте қала тұрғындарына.

Тұрғындарды күн өтіп кетпес үшін серуендеуден аулақ болуға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы