Алматылықтар президенттік хабарлама алды

31 Мамыр 2024, 12:53
1110
Бөлісу:
Алматылықтар президенттік хабарлама алды
Фото: pixabay.com

Алматылықтардың ұялы байланысына ТЖ кезінде жаппай құлақтандыру жүйесі сынақтан өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

31 мамыр күні Mass Alert ТЖ жүйесі сынақтан өткізілді.

Хабарламаны Android операциялық жүйесі бар құрылғыларды пайдаланушылар алды. 

Алаңдамаңыздар. Халықты хабардар ету жүйесіне тексеру жүргізілуде. Не беспокойтесь. Проводится проверка системы оповещения населения. Remain calm. The public alert system is being tested, - деген хабарлама келіп түсті. 

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматыда Mass Alert ТЖ туралы жедел құлақтандыру жүйесін іске қосу жобасы жүзеге асырылған. Хабарлама 3 тілде қазақ, орыс және ағылшын тілінде келді. 

Алматылықтар президенттік хабарлама алды

Екінші кезеңде iOS құрылғысының пайдаланушылары жүйеге қосылады.

Өзгелердің жаңалығы