Алматылықтар майдангерлерді еске алды

Алматының мыңдаған тұрғындары майдангерлерді еске алуға қала көшелеріне шықты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі.

 Алматы қаласының әкімдігі 9 Мамыр 2023 2023, 16:16
9 Мамыр 2023 2023, 16:16
1043
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматының мыңдаған тұрғындары майдангерлерді еске алуға қала көшелеріне шықты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі.

Қала тұрғындары «Астана» алаңына жиналып, одан 28 Панфиловшылар атындағы саябаққа дейін жаяу жүріп өтіп, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Бұл шараға қатысқан алматылықтар қолдарына Екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан өздерінің аталарының, туған-туыстарының портреттерін зор мақтанышпен ұстап жүрді. 
 

Наверх