Алматылықтар әлеуметтік желіде дауыс беру барысынан алған әсерімен бөлісіп жатыр

 Алматы қаласының әкімдігі 29 Қараша 2026, 10:32
29 Қараша 2026, 10:32
68
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы тұрғындары әлеуметтік желіде сайлау учаскелерінен фотосурет пен бейнежазба жариялап, қалада дауыс беру күні қалай өтіп жатқанын айтуда.

Мәселен, қала тұрғыны Аида Мырза №456 сайлау учаскесіне барған әсерін жеткізді. Оның айтуынша, ол «Алматы тазалық» ұжымы қызметкерлерінің дауыс беруіне куә болған. Сондай-ақ азаматтардың сайлауға белсенді қатысып жатқанын айтты.

Тағы бір жазба Алмалы ауданындағы №111 сайлау учаскесіне арналған. Мұнда қаланың 83 жастағы тұрғыны дауыс берді. Бұл мысал сайлауға әртүрлі буын өкілдерінің қатысып жатқанын көрсетеді.

Алматылықтардың жазбасынан дауыс беру күнінің ахуалын аңғаруға болады: тұрғындар сайлау учаскелеріндегі оқиғаларды жеткізіп, байқағанын айтып, қаланың әртүрлі ауданында бұл күннің қалай өтіп жатқанын көрсетуде.

Наверх