Алматылықтар акушер-гинекологтардың қызметін жиі пайдаланады

12 Қараша 2024, 12:20
334
Бөлісу:
Алматылықтар акушер-гинекологтардың қызметін жиі пайдаланады
Фото: BAQ.KZ - архив

Қала тұрғындары МӘМС есебінен 1156 консультативтік-диагностикалық қызмет түрін пайдаланып, 18,1 млрд теңге жұмсаған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оңтүстік астанада жұртшылық арасында акушер-гинекологтарға деген сұраныс жоғары. Жүгінген халық санына шаққанда одан кейінгі орындарға офтальмолог,  неврапотолог, хирург, оториноларинголог және эндокринолог мамандар жайғасқан.  МӘМС пакетінде тиреотропты гормон (ТТГ), D дәрумені, еркін тироксин (T4), жатыр мойнынан алынған материалды цитологиялық тексеру (ПАП-тест және гемокульт-тест) сынды зерттеулерге деген сұраныс жоғары.  Ал, ең қымбат анализ – геннің мутацияға ұшырау деңгейін анықтайтын KRAS анализі. ПЦР әдісімен жасалатын анализ ісік пайда болған тіннен алынады. Тест организмде глюкозаға толеранттылықтың қаншалықты бұзылғанын анықтап, қант диабетін клиникалық белгілер байқалмай тұрып ерте анықтауға көмектеседі. МӘМС пакетінде бұл анализ шамамен 108 мың теңге тұрады, - деді МСҚ Алматы филиалының директоры Ілияс Мұхамеджан. 

Консультативтік-диагностикалық қызметтер арасында ең қымбаты – MARS жасанды бауыр аппараты арқылы жасалатын альбуминді диализ, құны 2,1 млн теңге. Медициналық көмектің бұл түрі бауыр жеткіліксіздігімен ауыратын науқастарға көрсетіледі.

Сақтандыру енгізілгелі бері КТ мен МРТ-ға деген сұраныс артқан. 2024 жылдың 9 айында 35 мың компьютерлік томография жасалған, оған Қор 594,8 млн теңге төледі. Сонымен қатар, 48 мың МРТ қызметі үшін 686,8 млн теңге төленген, - деді  Ілияс Мұхамеджан.

Өзгелердің жаңалығы