Алматылық жас сәулетшілерге 5 млн теңгенің гранты бөлінеді

10 Қараша 2023, 13:08
797
Бөлісу:
Алматылық жас сәулетшілерге 5 млн теңгенің гранты бөлінеді
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Қала сәулетін дамытып, заманауи стильдегі дизайнды қалыптастыру үшін қала әкімі жас сәулетшілер мен дизайнерлерге арнайы грант бөлмек, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы Ерболат Досаев Қазақстан Сәулетшілер одағының форумында мәлімдеді. 

Әкімдік өз тарапынан сәулетшілердің кәсіби қауымдастығының дамуына, әсіресе, жас әрі талантты мамандарға көмек көрсететінін айтқым келеді. Келесі жылы біз жас сәулетшілер мен дизайнерлерге арнайы грант бөліп, олардың қалалық жобаларға тапсырыс алуына көмектесіп, жан-жақты қолдау көрсетуді көздеп отырмыз. Мен қалыптасқан жобалар мен институттар туралы айтып тұрған жоқпын. Біз ісін енді бастаған адамдарға назар аударғымыз келеді. Меніңше, бұл біздің тарапымыздан жақсы қолдау болады, - деді қала әкімі.

Алматылық жас сәулетшілерге 5 млн теңгенің гранты бөлінеді

Орта есеппен әрбір грантқа 5 млн теңгеге дейінгі сома бөлінеді. 

Жобалардың санын сізбен бірігіп анықтаймыз, қала қаншасын ұсынуға дайын, сонша аламыз. Жобалар шағын және орта сынды әртүрлі деңгейде болады. Мен біздің жаңа талантты жастарды инфрақұрылымдық емес, атап айтқанда, Алматының сәулеттік келбетін дамыту тұрғысынан үлкен жобаларды іске асыруға шақырғым келеді, – дейді қала әкімі Ерболат Досаев.

Өзгелердің жаңалығы