Алматылық такси жүргізушісі Яндекс Go ұйымдастырған ұтыс ойынында көлік ұтып алды

24 Қыркүйек 2024, 15:53
882
Бөлісу:
Алматылық такси жүргізушісі Яндекс Go ұйымдастырған ұтыс ойынында көлік ұтып алды
PHOTO
Фото: Яндекс Go

Жақында Яндекс Go жеке кәсіпкер ретінде тіркелген такси жүргізушілері арасында автомобиль ұтыс ойынын ойнатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

41 жастағы алматылық тұрғын, төрт баланың әкесі Қайрат К. жеңімпаз атанып, Kia Cerato көлігін жеңіп алды. Бұл туралы stan.kz сайты жазды.

Ол 8 жылдан бері такси жүргізушісі болып істеп жүр. Өзінің айтуына қарағанда, конкурстан көлік ұтып алғанын естігенде қатты таңғалған. Себебі жеңімпаз дәл өзі болады деп еш ойламапты.

Алматылық такси жүргізушісі Яндекс Go ұйымдастырған ұтыс ойынында көлік ұтып алды
Яндекс Go

Жеке кәсіпкер болған соң есеп тапсырып тұрамыз. Кезекті бір есеп тапсыруға барғанымда ұтыс ойыны өтетіні жазылып тұрған ақпаратты көріп қалдым. Бірақ “біз ұтпайтын шығармыз” деп ойладым да, аса мән бермедім. Дәл сол ұтыс ойыны болып жатқанда қарқынды жұмыс істедім. Бірақ ол кездегі ойым ұтыс емес, “несиемді уақытылы жабу” еді. Сөйтіп тынбай еңбек етіп, такси қызметін көрсеткенімнің арқасында несиемді де жаптым, жүлдені де ұтып алдым, – дейді Қайрат.

Алматылық такси жүргізушісі Яндекс Go ұйымдастырған ұтыс ойынында көлік ұтып алды
Яндекс Go

Қайрат ұзақ уақыттан бері такси жүргізушісі болса да, биыл қаңтарда ғана өзін жеке кәсіпкер ретінде тіркеген екен. Алғашында жеке кәсіпкер ретінде такси қызметімен айналысуға қорыққан. Бірақ кейін оның ұтымды тұстарын байқаған.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеннен кейін “Қалай болады екен?” деп бір аптадай уайымдап жүрдім. Сөйтіп жүргенімде бір қарасам, шотыма жолақысынан бөлек қосымша ақша, яғни бонустар түсе бастады. Көңілім көтеріліп қалды, маған ол мотивация болды. Аптасына 12 500 теңге, айына 50 мың теңге жинап алдым, – дейді жеңімпаз.

Қайраттың айтуынша, жеке кәсіпкер ретінде істейтін такси жүргізушілеріне Yandex Go түрлі бонус түрлерін ұсынады. Оны алу үшін сапалы қызмет көрсету керек әрі тынбай еңбек ету керек.

Қаншалық көп тапсырыс қабылдайсың, соншалық көп бонус аласың. Мәселен, 120 тапсырыс алсаң, 39 мың теңге береді. Жұмыс кезінде көлігіңе түрлі клиент мінеді. Оның бірі өте көңілді, енді бірі өте ашушаң болуы мүмкін. Неде болса такси жүргізушінің міндеті – клиентке сапалы қызмет көрсетіп, діттеген жеріне аман-есен жеткізу. Мен барынша клиенттермен сыпайы болуға тырысамын, тапсырыстарды қабылдаған соң, одан бас тартпаймын. Ал клиенттердің пікірі, бағасы жақсы болса, бонус аласың, – дейді ол.

Алматылық такси жүргізушісі Яндекс Go ұйымдастырған ұтыс ойынында көлік ұтып алды
Яндекс Go

Қайрат басқа да такси жүргізушілері мен әріптестерін жолда, көлік жуатын жерде, жанармай бекетінде көріп қалса, қорықпай жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге кеңес беріп жүретінін айтады.

Басқа такси жүргізушілердің де жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, заңды әрі адал ақша тапқанын, бонустарға ие болғанын қалаймын. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелсең, медицина сақтандыруы, зейнетақы жарнасы сияқты міндетті жарналарды өзіңе салып отырасың. Бұл артық шығын емес. Керісінше, өзіңнің болашағыңды қамтамасыз етіп отырсың деген сөз. Мысалы, қазір ауырып қалсам, емханаға барып, тегін ем ала аламын. Зейнетақы жарнасына ақша салып, өзімнің зейнет жасымдағы жағдайымды реттеп отырмын. Жеке кәсіпкер ретінде алты айда бір рет есеп бересің, оның еш қиындығы жоқ, – дейді такси жүргізушісі.

Қайрат бұған дейін эконом тарифі бойынша такси қызметін көрсетіп жүрген. Енді ол су жаңа көлігі арқылы комфорт+ тарифі бойынша жұмыс істейді. Бұл оған табысын арттыруға мүмкіндік береді.

Алматылық такси жүргізушісі Яндекс Go ұйымдастырған ұтыс ойынында көлік ұтып алды
Яндекс Go

Әйелім үй шаруасында, төрт қызымызды тәрбиелеп отыр. Сол себепті осы ісім – отбасымды асырап отырған нәпақам. Әдетте ұйқымды реттеп, дұрыс тамақтанып, кешкі немесе таңғы уақытта жолға шығамын. Жаңа көлігімді де осы Yandex арқылы алған соң, әрі қарай да осы бағытта қызмет етемін. Ендігі мақсатым – тарифімді ауыстрып, клиенттерге сапалы қызмет көрсету, – дейді Қайрат.

Айта кетері, Яндекс Go ұйымдастырған акция 15 шілде мен 31 тамыз аралығында өтті. 5 663 жүргізуші конкурс шарттарын толық орындады. Осы уақыт ішінде басты сыйлық және апта сайын түрлі сый ойнатылды. 

Компания бірінші орын алған жүргізушіге люкс 1,6 АТ комплектациясындағы KIA Cerato көлігін, екінші орындарға Samsung Galaxy S24 5G 256GB Onyx Black моделіндегі 7 смартфон, үшінші орынға 25 литрлік 140 талон (Qazaq Oil-дан АИ 92 және 95) сыйлады.

Өзгелердің жаңалығы