Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматылық студент ЖИ көмегімен ерекше жандарға арналған газет шығарды

26 Мамыр 2025, 15:32
3779
Бөлісу:
 автордан
Фото: автордан

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «LG AI MediaLab» медиадағы жасанды интеллект зертханасы ашылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл зерттеу орталығы – медиа және коммуникация саласында қолданатын Қазақстандағы тұңғыш зертхана. Онда студенттер кешенді зерттеулер жүргізіп, жасанды зерде көмегімен түрлі технологиялық шешім әзірлейді.

Мәселен университеттің Журналистика факультетінің 1-курс магистранты Нұрлан Өмірзақ түрлі ЖИ-ларды пайдаланып, ерекше адамдарға арналған «AI-Tamyz» инклюзивті газетін шығарды.

Біз бұл газетті шығару барысында жасанды интеллекттің бірнеше түрін пайдаландық. Оқырман басылымды тек оқып қана қоймай, онда көрсетілген арнайы QR-кодты сканерлеп, аудио, видео жаңалықтарды да көре алады. Мақсатымыз – ЖИ көмегімен қоғамдағы кей күрделі нәрселерді оңтайландыру, – деді Нұрлан Өмірзақ.

Алматылық студент ЖИ көмегімен ерекше жандарға арналған газет шығарды

Оқу орнындағы жасанды интеллект зертханасы кореялық LG компаниясының демеушілігмен ашылды. Орталық зертхана жоғары сапалы кескіндер және визуалды дерекпен жұмыс істеуге ыңғайлы заманауи LG Ultra Gear мониторларымен жабдықталған, оның ішінде 3 суперкомпьютердің көмегімен студенттер медиа және коммуникация бағытындағы біліктіліктерін арттырады.

Бұл жасанды интеллект орталығын құру — университеттің білім мен тәжірибеге негізделіп, жаңа экожүйе қалыптастыруға бағытталған стратегиялық қадамы, —  дейді  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма төрағасы, ректор Жансейіт Түймебаев.

Университет мамандарының айтуынша, нейрожелілердің озық тәжірибесі білім беру үрдісіне енгізіліп, деректі талдау, визуалды сторителлинг және үлкен тілдік модельдерді (LLM) біріктіруге жол ашады.

Бұл болашақ білікті кадрлар даярлауға керемет мүмкіндік. Суперкомпьютердің мүмкіндігі жоғары болғандықтан біз оның жадына графикалық, видео, аудио файлдар мен үлкег кітаптар базасын енгізе аламыз. Бұл жасанды интелекттің мүмкіндігі әрдайым толассыз дамып отаратын болады, – ҚазҰУ Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедарасының меңгерушісі Әйгерім Әлжанова.

Алматылық студент ЖИ көмегімен ерекше жандарға арналған газет шығарды

Нұрқанат Атажан

Өзгелердің жаңалығы