Алматылық оқушылар Халықаралық ғылым және өнертабыс байқауында жеңімпаз атанды

22-28 наурыз күндері Тунис мемлекетінің Махдия қаласында оқушылар арасында «The International Festival Of Engineering Science And Technology In Tunisia (I-FEST - 2024)» атты халықаралық ғылым және өнертабыстар байқауы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

 Алматы қаласының әкімдігі 1 Сәуір 2024 2024, 20:05
1 Сәуір 2024 2024, 20:05
1012
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

22-28 наурыз күндері Тунис мемлекетінің Махдия қаласында оқушылар арасында «The International Festival Of Engineering Science And Technology In Tunisia (I-FEST - 2024)» атты халықаралық ғылым және өнертабыстар байқауы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қаласының әкімдігіне  сілтеме жасап.

Әлемнің әр түкпірінен келген 1500 қатысушының ішінен Алматы қаласының оқушылары үздік ондыққа еніп, алтын және қола медальдарға ие болды.

Атап айтқанда, №176 мектеп-гимназияның 8 сынып оқушысы Құттығалиева Адия алтын медаль жеңіп алса, №12 мамандандырылған гимназияның 11 сынып оқушылары Ерден Айша мен Бақытжан Томирис қола медальға ие болды.

Байқаудың мақсаты – ғылымды тереңінен насихаттау, соның ішінде шетелдердің ғылыми тәжірибесін тарату, сондай-ақ жастарды инновациялық қызметке тарту, жасөспірімдердің, ғылыми зерттеу дағдылары мен жаңашылдық рухын дамыту.

Наверх