Алматылық кардиохирургтер сирек кездесетін ақаумен туған төрт жасар қызға күрделі ота жасады

18 Тамыз 2022, 16:16
1305
Бөлісу:
Алматылық кардиохирургтер сирек кездесетін ақаумен туған төрт жасар қызға күрделі ота жасады

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында сирек кездесетін ақаумен туған төрт жасар қыздың жүрегіне күрделі ота жасалды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі

Перинатология орталығының баспасөз қызметінің мәліметінше, кішкентай пациент туабітті жүрек ақауымен дүниеге келген. Туған кезде бірден қос қолқа доғасына ота жасалған. Осы жолы оған сирек кездесетін Лобри-Пецци синдромы бойынша екінші рет хиругиялық операция жасау қажет болды.

Ота кезінде жүректің көлемі едәуір үлкейіп, кеңейіп кеткені белгілі болды. Операция барысында жүрек тоқтатылып, жасанды қан айналым аппараты пайдаланылды,  дейді кардиохирург Абай Сұртай.

Дәрігердің айтуынша, аорта қақпағына жақын орналасқан ақауды түзету аса қиынға соққан. Дегенмен ота сәтті өтіп, бүлдіршін бөлімшеге ауыстырылған.

Еске сала кетсек, Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында МӘМС пакетіне кіретін жоғары технологиялық оталардың жүрек алмастырудан басқа барлық түрлері жасалады. Жыл басынан бері орталық кардиологтары 100-ден астам операция жасалған. Олардың арасында бір жасқа толмаған 55 сәби де бар.

Өзгелердің жаңалығы