Алматылық дәрігерлер көзге күрделі ота жасады

23 Мамыр 2022, 15:45
2812
Бөлісу:
Алматылық дәрігерлер көзге күрделі ота жасады

Алматы, BAQ.KZ. Орталық қалалық киникалық аурухана дәрігерлері көзінің торлы қабығына жарық түскен әйелге жоғары технологиялық ота жасады. 

Құны 700 мың теңгеден асып жығылатын операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жасалды. Бұл туралы аурухананың баспасөз қызметі хабарлады.

Офтальмология бөлімі меңгерушісі Гүлзат Әбрайымованың айтуынша, көздің торлы қабығының тамырлардан ажырауы ауыр патологиядар қатарына жатады.

Маман сөзіне сүйенсек, көздің торлық қабығының ажырауын дәрімен немесе екпемен емдеу мүмкін емес. Көру қабілетін қалпына келтірудің бірден-бір жолы – көзге жедел ота жасау.  Сол себепті пациенттің көз данарын сақтап қалу мақсатында микрохирургиялық манипуляция жасау туралы шешім қабылданған. Оның үстіне, көздің артқы торлы қабығының ажырауы операцияны қиындата түскен.

Көздің торлы қабығы ажыраған кезде көру қабілеті нашарлайды және көп жағдайда пациент жанарынан айырылып қалады. Әдетте, торлы қабықтың зақымдануына жарақат пен миопия (көздің жақыннан көрмеуі), қант диабеті, көз ішіндегі ісік, қабықтың формасының бұзылуы сынды жағдайлар түрткі болуы мүмкін. Біздің пациент жоғары деңгейдегі миопиамен ауырған. Біз оған витрэктомия деп аталатын ота жасап, ішіндегі әйнек тәріздес денені микрохирургиялық жолмен алып тастадық, орнын арнайы сұйықтықпен толтырдық, - деді маман.

Мұндай күрделі хирургиялық оталар жоғары технологиялардың көмегімен жасалады. Себебі өте нәзік болып келетін торлы қабықтағы әрбір жасуша көздің көру қабілетіне жауап береді.
 

Өзгелердің жаңалығы