Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылдың 30-сәуіріне дейін Медициналық сақтандыру қорына 621 млрд теңгеге жуық қаржы жинақталды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы хабарлады.
Жинақталған соманың бестен бір бөлігі бұрынғыша, оңтүстік астананың еншісінде. Жалпы, сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2021 жылдың 30-сәуіріне дейінгі аралықта Алматы қаласынан Қорға 115,6 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Оның 86,7 млрд теңгесі – жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары болса, қалған 28,9 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша еңбек ететіндерге тиесілі, - деді филиал директоры Тлеухан Әбілдаев.
Сондай-ақ, Алматы қаласы бойынша 2019 жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 199 мыңнан астам адам 442,7 млн теңге көлемінде бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеген.