Алматылық әскери қызметшілер #Bizbirgemiz акциясына қосылды

9 Сәуір 2020, 12:21
1380
Бөлісу:
Алматылық әскери қызметшілер #Bizbirgemiz акциясына қосылды

Алматы, BAQ.KZ. Елбасы жариялаған республикалық #Bizbirgemiz акциясы аясында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына азық-түлік қораптарын таратты.

Аталған әскери институттың бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков қайырымдылық акцияның маңыздылығын атап өтті. 
Әскери қызметшілер "Біз біргеміз!" акциясы аясында әлеуметтік жағынан осал отбасыларына азық-түлік пен бірінші кезектегі қажетті заттармен қамтамасыз етіп, көмек көрсетті. Әскери қызметшілер халықпен бірге және әрқашан қолдау көрсетеді, - деді ол.

Алдымен мұқтаж отбасылардың тізімі жасалған, оған 15 ҰОС ардагерлері және 5 аз қамтылған отбасы еніпті. Әскери қызметшілер әр отбасыға мекенжайы бойынша азық-түлік қораптарып жеткізіп берді.  
Әскери қызметшілерге шексіз алғысымды жеткіземін. Бүгінгі қиын кезде дәл осы көмекке мұқтаж едік. Бізді ұмытпай, елеп-ескеріп жүргендеріңе мың алғыс, - деді соғыс ардагері Асқарбаев Жаркошы ақсақал.

Өзгелердің жаңалығы