Алматы, BAQ.KZ. Облыс кəсіпкерлері өңірде тұратын халықтың əлеуметтік əлжуаз топтары мен көп балалы отбасыларға белсенді түрде қолдау көрсетуде. Бұл туралы Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Еліміздегі төтенше жағдайлар кезінде бизнесмендер өз жерлестеріне қамқорлық жасап, азық-түлікпен жəне бірінші кезектегі қажеттіліктермен қамтамасыз етуге үлес қосуда.Ел тарихындағы осындай сын шақта, еліміз төтенше жағдай режимінде болған кезде біздің компаниямыз бейжай қарап отыра алмады. Біздің Іле ауданы карантинге жабылған Алматы қаласымен шектесіп жатыр. Біз көптеген тұрғындардың Алматыда жұмыс істеп, сол жақтан осында келіп жұмыс істегенін түсінеміз. Осындай жағдайда қиыншылықта қалған отбасыларға көп ойланбай көмектесуді жөн көрдік. Биылғы жылдың "Biz Birgemiz" дейтін ұранына орай отандастарымызды назардан тыс қалдыра алмаймыз, - деді "ARKaz invest" ЖШС директоры Дəурен Жұмаділов.
Кəсіпкер 3000 азық-түлік пакетін дайындап, 10 ауылдық округтегі көмекке мұқтаж отбасыларға таратып берді.
Талдықорғанның бизнесмендері де қайырымдылық челленджінен тыс қалған жоқ. Қаладағы белгілі кəсіпкер, мейрамхана желісін құрушы, "Active business community" облыс орталығы кəсіпкерлерінің қауымдастығын басқаратын Дəурен Талипов əріптестеріне ұран тастады. Өз кезегінде кəсіпкерлер үн қатып, көп балалы отбасыларға и азық-түлік жағынан көмек берді. Сол сияқты олар Талдықорғанның маңына қойылған санитарлық посттардың қызметкерлеріне қолдау көрсетіп, қала мейрамханаларының дəмді тағамдарын жеткізді.