Алматылық хирургтер 18 жастағы жігіттің өмірін сақтап қалды

28 Қыркүйек 2020, 18:25
1735
Бөлісу:
Алматылық хирургтер 18 жастағы жігіттің өмірін сақтап қалды

Алматы, BAQ.KZ. Суық қарудан жарақат алып, қансыраған 18 жастағы жігітті Жедел медициналық жәрдем бригадасы шұғыл түрде Алматы қаласы №7 қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізді.

Жедел жәрдем қызметкерлері жолда кетіп бара жатып «жетіліктің» төтенше жағдайлар бөлімшесіне ұялы телефон арқылы өте ауыр науқас алып бара жатқанын хабарлады. Солайша, аурухананың қабылдау бөлімшесінің мамандары науқасты қабылдауға дайындалды.
Қабылдау кезінде науқастың жалпы жағдайы өте ауыр болды. Науқас жарақат алу барысында ішкі органдары зақымдалып, қан басқан. Медициналық тілде айтқанда, сана-сезімі тежелген, байланыс болмады (сұрақтарға жауап бермеді), нәтижесінде, іш қуысының жарақаты, геморрагиялық жарақаттану (қанның көп жоғалтуына байланысты) және травматикалық шоктың салдарынан жағдайдың ауырлығына байланысты қан қысымы 70-75/35-40 төмен болды, - делінген хабарламада.
Дәрігерлер науқасты толық тексеруге уақыт жоқ екенін түсінді. Жедел операция қажет. Жас жігіттің өміріне үлкен қауіп төніп тұр. Барлық киімдері қанға малынған. Оны қайшымен дәл сол жерде кесіп тастап, аурухананың қабылдау бөлімшесіндегі жансақтау бөлмесінде анализдерді қатар алуға тура келді. Содан кейін науқас денсаулығына байланысты хирургиялық ота жасау үшін жедел түрде операция бөлмесіне көтерілді.

№7 қалалық клиникалық аурухананың №2 хирургия бөлімшесінің хирургі Фараби Стамқұлов айтқандай, ең алдымен, қан кетуді тоқтату және қан қысымын қалыпқа келтіру қажет болды, себебі науқас тым көп қан кетуіне байланысты операция үстелінде қайтыс болуы мүмкін еді. Шынында да, өте төмен қысым кезінде өмірлік маңызды органдардың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылды, бұл қайтымсыз салдарға дейін әкелуі мүмкін: гипоксия, ми мен жүректің ишемиясы.
Біріншіден, біз қанды тоқтатудан бастадық (қан қысым өте төмен болды). Барлық зақымдалған тамырлардан және ұлпаларадан ішкі және сыртқы қан кетуді тоқтатқаннан кейін мониторда қан қысымы көтеріле бастады. Содан кейін біз ішкі органдарды қайта қарауды жалғастырдық. Операция кезінде біз үшін пациенттің өмірін сақтап қана қоймай, сонымен қатар болашақта науқастың өмір сүру сапасы нашарламауы үшін, жас жігіттің ішегін мүмкіндігінше сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасау маңызды болды. Ұзындығы 50 см-ге дейін созылған аш ішектің зақымдалған аймағын сақтай алмайтын болғандықтан, резекция жасадық (көптеген перфорациялық жаралар болған жерлерде, ішектер жартылай кесілген жерлерде. Мезентериалды артериялардың көптеген жарақаттары болған жерлерде тамақтанудың жеткіліксіздігі байқалды). Жіңішке ішектің ілмектері мен ішек қарыншаларының көптеген перфорациялық жараларының қалған бөлігі тігілді. Операциядан кейінгі кезеңде пациенттің өміріне жаңа қауіп төнбес үшін, анастомоз бен тігістің ағып кетуіне байланысты қайта ота жасау қаупін болдырмас үшін біз бәрін ескердік. Жұмыс сәтті аяқталды. Операциядан кейінгі кезең қиындықсыз өтті, - деді Фараби Стамқұлов. 
Операция сәтті өтті, хирургтар барын салып, жұмыс істеді. Өлім аузынан қалған жас пациенттің өміріне алаңдаушылық артта қалды. Мүмкін ол бұл туралы ешқашан толығымен білмей де кетер. Мұны тек қана оның өмірі үшін күрескен ақ халатты абзал жандар ғана біледі. Жедел жәрдем жүйелі жұмыс істеп, науқасты ауруханаға уақытында жеткізгендіктен, 7 ауруханада жедел медициналық көмек уақытылы және сапалы түрде көрсетілді. Сонымен қатар шокқа қарсы терапия мен хирургиялық ота дұрыс жасалғандықтан жас жігіт өмір сүруге екінші рет мүмкіндік алды. Сәтті операциядан кейін ол 11 күн бойы №7 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде және №2 хирургия бөлімшесінде өткізді. Жақында ол амбулаториялық ем алу үшін жағдайы тұрақты деп танылып, ауруханадан шығарылды.
Өзгелердің жаңалығы