Алматы, BAQ.KZ. ПТР-тестілері жоқ 154 жолаушы Алматы қонақ үйлерінде оқшауланған. Бұл ретте қала әкімдігі алдын ала диагностиканың маңыздылығы туралы еске салды.
Алматы қаласының әкімдігі барлық халықаралық рейспен келушілерге қалаға кірмес бұрын 72 сағат ішінде алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуден өткені туралы анықтама болуы қажет екенін еске салады.
Бас мемлекеттік дәрігердің қаулысына сәйкес, өзге елдің азаматтарында COVID-19-ға тестілеуден өткені туралы анықтама болмаса, қалаға кіруге жол берілмейді.
Шетелден анықтамасыз келген ҚР азаматтары әуежай аумағынан ПТР-тестілеуді өткізу үшін және нәтижелерді күту кезеңінде әуежай аумағынан уақытша карантинге орналастырылатын болады.
Осыған байланысты Алматыда қаланың халықаралық әуежайында санитарлық-эпидемиялық бақылау бойынша күшейтілген шаралар қабылданды. Әуежай қызметтері мен ведомстволардың функционалы бойынша өзара іс-қимыл алгоритмі әзірленді және бекітілді: желілік полиция бөлімі, шекара қызметі, санитарлық-эпидемиялық қызмет. Ұшып келу аймағында халықаралық жолаушылар әуе рейстерімен келетін барлық адамның байланыссыз термометриясы жүргізіледі. Дене қызуы жоғары адамдар немесе ауру белгілері бар адамдар (жөтел, ентігу, тыныс алудың қиындауы) анықталған жағдайда жолаушы Алматы әуежайының изоляторына немесе қаланың инфекциялық стационарларына орналастырылады, кейіннен тасымалданады, - делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ақпараты бойынша, 2020 жылғы 10 қазан сағат 08.00-ден 11 қазан сағат 08.00-ге дейін шетелден Алматыға Ресейден, Түркиядан, БАӘ-ден, Ұлыбританиядан, Египеттен, Украинадан және Германиядан 12 әуе рейсі келді. Барлығы 1173 жолаушы. ПТР-тест анықтамалары жоқ 154 жолаушы анықталды, олар COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарларға (қонақ үйлерде) оқшауланды.
2020 жылғы 06 қазан сағат 00:00-ден 12 қазан (таңғы 08.00-ге дейге дейін) аралығында шетелден Алматы қаласына 8207 жолаушысы бар 66 әуе рейсі келді. ПТР нәтижесі бар анықтамасы жоқ 2362 жолаушы оқшауланды, 9 адам (шетелдіктер) депортацияланды. Зертханалық тексеруден 2362 адам өтті, оң нәтиже алынған 3 адам (Анталья – Алматы-2, Дубай - Алматы рейсі) қаланың инфекциялық стационарларына ауыстырылды, рейстер бойынша байланыста болған 40 адам инкубациялық кезең ішінде бақылауға алынды.
Жалпы қала бойынша 5 карантиндік орталық ашылды, медициналық персонал бекітілді. ПТР нәтижесінсіз келген адамдарға зертханалық тексеру жүргізу үшін екі зертхананың материалын алу үшін топтар бөлінді (Ұлттық сараптама орталығы және мониторингтің санитарлық-эпидемиялық сараптама ғылыми-практикалық орталығы).
Алматыға келетін барлық халықаралық әуе рейсі әуежайда болған барлық уақыт ішінде маска кию туралы талапты сақтауға, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауға шақырады.
Күрделі эпидемиялық жағдайды және бірқатар елде коронавирус инфекциясының екінші толқынының басталу ықтималдылығын ескере отырып, қала тұрғындарына туристік сапарларды кейінге қалдыруға және шетелге шықпауға кеңес беріледі.