Алматыға National Geographic журналының фотографы келді

15 Тамыз 2023, 14:28
823
Бөлісу:
Алматыға National Geographic журналының фотографы келді
Фото: Алматы хайуанаттар бағы

Алматы хайуанаттар бағына американдық натуралист-фотограф келді. Ол сирек кездесетін аңдарды суретке түсіріп, жойылып кетудің алдын алмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Джоэл Сарторе the National Geographic Photo Ark жобасын басқарғанына 25 болған. Ол әлемдік хайуанаттар бағы мен қорықтарда кездесетін жануарлардың 12 мың түрін құжаттаған. Алдағы уақытта 20 000 жануардың түрлерін халыққа насихаттамақ. 

Қызыл кітапқа енгізілген ақбөкендер мен ұларларды сүретке түсіру үшін Алматы қаласына 3 күн аялдадым. Өйткені, Алматы хайуанаттар бағында сирек кездесетін ақбөкендерді кездестіруге болады. Олардың жүріс-тұрысы мен келбеті маған қатты ұнады. Болашақта бұл жануарлардың көбейіп, Қызыл кітапқа енгізілмегенін қалаймын, – дейді Джоэл Сарторе. 

Алматыға National Geographic журналының фотографы келді

Джоэл жануарларды қара немесе ақ фонда түсірген. Осылайша, суретте ақбөкендердің бейнесі ерекшелене түскен. 

Алматыға National Geographic журналының фотографы келді

Жарықта пайдалану – жануарлардың шынайы түсстерін береді, ал – қара және ақ фон назарыңды басқа жаққа бұрмай, жануарлардың тікелей көзіне қарауға мүмкіндік береді, – дейді фотограф. 

Алматы хайуанаттар бағы Джоэл Сарторені құрметпен қарсы алып, жұмысына қажетті құралдармен қамтамасыз еткен. 

Оның суреттерінде кішкентай тышқан да, үлкен піл де әдемі көрінеді. Фотограф өз жұмысын тиянақты әрі ұқыпты атқарады. Оның түсірген сүреттерінде тұмса табиғат пен жан-жануарлар шебер үндеседі. Фотограф өз жұмысы арқылы адамдардың табиғатқа жанашырлық танытуын үгіттейді. Джоэл Сарторе біздің хайуанаттар бағын таңдағанына қуаныштымыз, – дейді Алматы хайуанаттар бағының қызметкерлері. 

Алматыға National Geographic журналының фотографы келді

Американдық маман суретке түсірген жануарлардың кем дегенде 75-80 пайызын жойылып кетуден құтқаруға болады дейді. 

Адамдардың жан-жануарларға деген сүйіспеншілігін арттыру керек. Сонда ғана біз жануарларды жойылып кетуден сақтай аламыз. Осылайша адамзат баласы Қызыл кітапқа енген түрлерге қалай көмек көрсетуді ойлайды. Олардың өмірлеріне қауіп төндіретін әрекеттерге бармайды. Біз ұйымдастырған фотокөрменің мақсаты – үлкенді-кішілі барлық тіршілік иелеріне құрмет көрсету. Сондай-ақ адамдарға жануарлар жойылып кетсе, біздің де жоғалып кетуіміз мүмкін екенін түсіндіру, – дейді Джоэл Сарторе.

Өзгелердің жаңалығы