Алматыға маусымның соңына дейін 300 жаңа автобус жеткізіледі

19 Сәуір 2022, 22:04
1451
Бөлісу:
Алматыға маусымның соңына дейін 300 жаңа автобус жеткізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда қала тұрғындарының сұранысын ескере отырып, бүгіннен бастап №59 бағытқа 14 жаңа автобус шықты.

Бұған дейін қызмет көрсетіп келген ұзындығы тоғыз метрлік автобустардың орнына енді он екі метрлік жаңа автобустар қызмет көрсететін болады. Босаған автобустар танымал әрі жүктемесі жоғары өзге бағыттарға жіберіледі. Бұл туралы Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әкімдік берген мәлімет бойынша, бұған қоса бірінші жартыжылдықтың соңына дейін барлығы 300 жаңа автобустың жеткізілуі жоспарланған. Олардың барлығы техникалық дайындығына қарай кезең-кезеңмен маршруттарға шығарылатын болады.

Қазіргі кезде әкімдік қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға басымдық беріп отыр. Бұл бағытта экологиялық таза көліктерді көбейтіп, халықтың өмірі мен денсаулығы үшін жайлы орта жасалып, автобустардың жүктемесін азайтып, жолаушылар ағымын арттыруға бағытталған жұмыс жүргізіліп жатыр, – делінген әкімдік берген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы